Алматыда жылу трассасы жарылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жылу трассасы жарылды. Қала әкімдігі көп ұзамай ыстық суды беру қалпына келтірілгенін хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін таңертең Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы аймақтан өтетін жылу трассасы жарылған. Апат орнында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС апаттық бригадасы жұмыс істеуде.
Тұтынушыларды суға қайта қосу жүргізіліп, ыстық су беру жедел түрде қалпына келтірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Жол полициясы көлік қозғалысын реттеуде, қалалықтардың жүру бағытын өзгертіп, осы учаскені айналып өтуін сұраймыз, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аттестаттау мен бақылау шаралары қағаздың көбеюіне әкеліп соқпауы керек – Аймағамбетов
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы