Алматыда жылу қазандықтары тексерілді

Алматыда жылыту маусымының қарасаңында «АлЭС» АҚ аймағында баспасөз туры ұйымдастырылды. Негізгі жабдықты жөндеу кестесі әзірленді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Сапар барысында жылыту кезеңіне дайындық, инвестициялық бағдарламаны іске асырудың жай-күйі таныстырылды. 

Бүгінгі таңда жылу қазандықтарының жөндеу жұмыстары жақсы жүргізіліп жатыр. 70 пайыздай жұмыс аяқталды. 1 қазанда толықтай бітіріп үлгереміз. Қаланың үлкейіп жатқанын ескереміз. Әрбір жаңа тұрғын үйлердің өзінде жылу қазандықтары бар. Объектілердің электр қуаты – 1 235,7 МВт, жылу қуаты – 4 049 Гкалл. Өндірістік қуаттар жыл сайын 5 млрд кВт*сағ астам, ал жылу энергиясы 5,3 млн Гкалл астам өндіруге мүмкіндік береді, – деді бас инженер Бауыржан Қалиев.

Бүгінде «Алматы электр станциялары» АҚ бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жалғастырып жатыр. 2023 жылға 2,8 млрд  теңге бекітілген. 

Алматы ЖЭО-2 электр және жылу энергиясын біріктірілген өндіру бойынша Қазақстандағы ең ірі жылу станциясы болып табылады. Оның белгіленген электр қуаты – 510 МВт, жылу қуаты – 1411 Гкал / сағ. Ол АлЭС – ЖЭО-1 компаниясының басқа энергия көздерімен және Батыс жылу кешенімен (БТК) ұзақ технологиялық құбырлармен байланысты. Үш энергия көзінің – ЖЭО-2, ЖЭО-1 және БЖК – бірлескен жұмысымен бір-бірін теңестіре отырып, Алматы қаласы тұтынушыларының жылу энергиясын сенімді қамтамасыз етеді,– деді бас инженердің міндетін атқарушы Скрябин Алексей.

АлЭС мамандарының айтуынша, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында негізгі жабдықты жөндеу кестесі әзірленіп, бекітілді және «КЕGОС» АҚ жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығымен келісілді. Жөндеу науқаны барысында негізгі жабдықтың 70 бірлігін (қазандықтар, турбо - және гидроагрегаттар) және ЖЭО-2-БТК екі жылу магистралін жөндеу жоспарлануда, қазіргі уақытта 48 бірлік немесе жалпы санының 68% жөнделді.

Сондай-ақ жаңадан салынатын ЖЭО алматылықтардың көптен күткен үміті еді. Алдағы жылдары жаңадан жылу қазандығы бой көтермекші.

Жаңадан жылу электр орталығы бой көтереді. Биыл құрылыс жұмыстары басталады. 2026 жылы аяқтау көзделуде. Бұл толықтай заманауи форматтағы газбен жылытылатын болады, – деді бас инженердің міндетін атқарушы Скрябин Алексей.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы