Алматыда жылу беру маусымы қашан басталады?

Алматыға күз келісімен, күн кенеттен суып, тұрғындар салқын ауа райын сезіне бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімдігі тұрғын үйлерде жылу беру қай уақытта жүзеге асатынын мәлімдеді.

Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Алматы қаласында объектілерді кезең-кезеңімен қосу сыртқы ауаның орташа тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен болған кезде, уәкілетті органның қаулысы негізінде 5 күннің ішінде қосылады. Тұтынушыларды жылумен жабдықтауда бірінші кезекте әлеуметтік нысандар қосылады. Оларға балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау нысандары кіреді,- деді Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы