Бүгiн 2026, 14:04 Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Алматыда жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап кеткен

Алматының полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы криминалдық статистиканы айтты.

Алматыда жыл басынан бері жеті бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, барлық жасөспірім дене жарақатын алған. 

Ата-аналарына 127-бапқа сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Ноғайбаев Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы көшеде кешкі уақытта ата-анасысыз жүретін жастар туралы мәлімет берді. 

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруі деректері бойынша жыл басынан 6600 ата-ана және заңды өкіл жауапқа тарттық. Түнгі уақытта балалары сыртта жүрген 179 ойын-сауық орталығы анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабына сәйкес жауапқа тартылды, - дейді Тимур Ноғайбаев.