Алматыда жыл басынан бері 6,8 мыңнан астам жасқа психологиялық қолдау көрсетілді
2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас психологиялық көмек пен кеңес алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қаланың Жастар саясаты басқармасы өкілдері мәлімдеді.
Аталған жұмыс қалалық бағдарламалар аясында жүргізіліп, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға, мазасыздық пен күйзеліс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өмірлік және кәсіби сын-қатерлерге бейімделу мен өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы жастарға, студенттерге, жұмыс істейтін жастарға және NEET санатындағы өкілдерге ерекше көңіл бөлінеді.
Психологиялық қолдау қаланың комьюнити орталықтары, білім беру ұйымдары және арнаулы кеңес беру алаңдары арқылы көрсетіледі. Жастар жеке және топтық кеңес алып, стрессті басқару бойынша тренингтен өтеді, эмоционалдық интеллектті дамытуға арналған воркшоптарға және менталды денсаулық тақырыбындағы білім беретін кездесулерге қатысады.
Жастарды кешенді қолдау аясында жұмыспен қамту мәселсі бойынша да жұмыс күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам алматылық жас жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар беру және мансаптық дағдыны дамыту жөнінде кеңес алды. Бұл қызметтерге түйіндеме жасау, әңгімелесуге дайындық және өзекті бос жұмыс орындарын іріктеу кіреді.
Жастарды кешенді қолдау аясында оларды жұмыспен қамту бойынша да жұмыс күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам алматылық жас маман