Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылды

Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің мәліметінше, заңсыз айналымнан 405 келіден астам есірткі, оның ішінде «синтетика» есірткі заттары тәркіленді.

Жалпы жедел-іздестіру шараларымен қатар нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Алматыда жыл басынан бері нашақорлыққа қарсы 585 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Бұл мәселеде еріктілер бізге жан-жақты көмек көрсетуде. Олардың белсенді атсалысуымен есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 9 мың 908 граффити суреті табылып, үстін бояп тастау арқылы жойылды. Есірткі саудасын насихаттаған 31 «суретші» ұсталды. Сонымен қатар, есірткіні таратумен және жарнамалаумен айналысатын 450 интернет-ресурс бұғатталды, – дейді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Спикердің айтуынша, биыл қалада 19 есірткі зертханасы жойылған, сондай-ақ, 88 есірткі бетбелгісін қоюшылар ұсталып, 2 есірткі қоймасының жолы кесілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы