Алматыда жыл басынан бері 500-ге жуық өрт тіркелген
Алматыда өрттен 41 адам зардап шеккен, 117 адам құтқарылды. Қауіпті аймақтардан 520 адам эвакуацияланып, 2 млрд теңгеге жуық мүлік құтқарылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Данияр Жүсіпов атап өтті.
Өрттің көпшілігі тұрғын үй секторынан шығады. Өрттің негізгі себептері электр сымдары мен электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы, пештердің дұрыс жұмыс істемеуі және отпен абайсызда жұмыс істеу болып келеді. Бұл көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеуіне байланысты болады, – деді Данияр Жүсіпов.
Спикер 2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде өрттерді және адамдардың жарақаттануын азайту мақсатында Департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар өткізіп жатқанын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Терроризмді насихаттаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды
Өзгелердің жаңалығы