Алматыда жыл басынан бері 32,3 мыңға жуық жас жұмысқа орналасты
Алматыда жыл басынан бері қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру аясында 32 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпан айында «Depo evolution park» жастар лофт орталығында жастарға жұмыс табуға, кеңес беруге, семинарға қатысуға көмектесетін «Қалалық мансап орталығы» ашылды. Осылайша, соңғы 9 айда 3 мыңнан астам жас кеңес алуға жүгінді.
Бұған қоса, «Jobfair365» жастарды жұмысқа орналастыру платформасы құрылды, онда 3,7 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланып, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелді. Іске қосылған сәттен бастап 13,5 мыңнан астам жас осы платформаны пайдаланып үлгерді.
Платформаның ерекшелігі, жұмысты тегін іздеумен қатар, қысқа мерзімді курстардан өтіп, сертификат алуға болады. 9 айда 7,9 мың адам білім алып, оның 6,1 мыңы жұмысқа орналасты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ “Қорғаста” заңсыз ұйымдастырылған казинолардың жолын кесті
Келесі жаңалық
Теміртауда әйел адам қоқыстың кесірінен өртеніп кете жаздады
Өзгелердің жаңалығы