Алматыда жыл басынан бері 200-ден астам егіз дүниеге келген

Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласында 29 560 бала дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы аудандық АХАЖ бөлімдерінің берген мәліметінше, былғы жылы егіздердің көшін 39 егізбен Бостандық ауданы, 38 егізбен Түрксіб және 31 егізбен Алатау ауданы бастап тұр. 

Одан кейін тізімді 30 егізбен Медеу ауданы, 29 егізбен Алмалы ауданы жалғастырған. Тізімнің соңын 28 егізбен Әуезов, 13 егізбен Жетісу, 8 егіз 1 үшеммен Наурызбай ауданы аяқтап тұр.

Бұл өте қуанарлық жағдай. Елімізде халық санының өсіп жатқаны – жақсы құбылыс. Талай нәубетті басынан өткеріп, өсу қарқыны бәсеңсіп қалған халқымыз, биыл 20 миллиондық межеге жетіп қуантып отыр. Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайына аса мән беріліп, аналардың да алаңсыз балалы болуына жағдайлар қарастырылып жатыр.Босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі жәрдемақылары өсті. Әрбір бала туылғанда берілетін жәрдемақылар да жыл сайын өсіп отыр. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер проактивті және композитті нұсқаларға көшірілді. Аналар көп қызметтерді ХҚО-ға келмей-ақ онлайн алатын болды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Фарида Бокижанова. 

Әлемде 80 мыңға жуық егіз бар көрінеді. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын әлемде 1,6 млн егіз туылады екен. Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында. Дегенмен, Қазақстанның әрбір қалалары мен ауылдары жақсы көрсеткіш көрсетіп жатса, 48-орыннан жылжуымыз да ғажап емес.
Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласында 29 560 бала дүниеге келді. Оның 15 251 - ұл, 14 309 - қыз. Олардың 435 бала егіз туылған - 216 жұбы егіз, 1-і үшем. Алматы үшін тамыз айы нәрестелердің көп туылуымен ерекшеленді. Бұл айда 3310 бала өмірге келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы