Алматыда жұртшылықты вакцинациялау бойынша арнайы жоба әзірленді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина Орталығының басшысы Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматыда қазір 56 екпе салу кабинеті жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жекеменшік ұйымдарда. 

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша біз қазір көп мөлшерде вакцинаның келуін күтіп отырмыз және оны бөлу бойынша арнайы штаб құрылды. Оған қоса Алматының вакцинациялау жұмысының жоспарын жасап шықтық, оны бүгін қала әкімімен бекітеміз. Вакцинациялау бойынша үлкен жұмыс атқарылды және оған қаланың бизнес қауымдастығы да тартылды. Қазір қаладағы ірі сауда үйлері мен базарларда, мектептерде вакцина салу орындарын ашу мәселесі қаралып жатыр, - деді ол.

Сонымен қатар ол қазіргі сәтте қаланың сегіз ауданы бойынша қай жерде вакцина салу орындары ашылатыны анықталғанын айтты. 

Сондай-ақ ол жерде кімдер жұмыс істейтіні, яғни кадр құрамы да анықталып жатыр. Сондықтан қалада вакцина салу бойынша дүрбелең болмайды деп ойлаймын. Сауда үйлерінде кезекшілікті атқаратын дәрігерлерді дайындап жатырмыз. Вакцина салу жұмысы таңғы сағат 8.00-ден басталады, - дейді Мырзағали.

Вакцина салу жұмысына қаладағы медициналық оқу орындарының биылғы түлектері тартылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы