Алматыда жүрген көліктердің 25 пайызы экологиялық нормаға сай келмейді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, қалаға кіре берісте бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан он экобекет және жақында ашылған алты бекет жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың саны 19-ға дейін жетпек.

Алматыға кіре берісте жаңартылған экобекеттер жұмыс істей бастады. Қалада бес экобекет және бір мобильді экопатруль бар. Олар арнайы қондырғылармен: газ анализаторларымен және опасиметрлермен жабдықталған. Барлық бекеттерде кезекші экологиялық операторлар мен теміржол министрлігінің қызметкерлері жұмыс істейді. Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін жүк автомобильдерін, мамандандырылған және құрылыс техникаларын пайдаланылған газдардың уыттылығы бойынша тексеру күшейтілді,-деді ол.

Сонымен қатар ол қалада жүрген көліктердің 25 пайызы экологиялық нормаларға сай келмейтінін, яғни улы затты мөлшерден көп бөлетінін айтты.

Барлық экобекеттер мен мобильді экопатрульді пайдалану кезінде 60 мың өлшем бірлігі жасалды. 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың мамырына дейін 2265 автокөлікте шамадан тыс нәтиже тіркелген. Экологиялық нормаға сай келмейтін көлік иесіне алғашында ескерту жасалады, екінші рет ештеңе өзгермегенде айыппұл салынады. Сондай-ақ қазір улы затты шамадан тыс бөлетін жүк көліктері қалаға кіргізілмейтін болды,-деді Ливинская.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы