Алматыда жұмыстан шығарылған полиция подполковнигі наразылық танытты

Алматыда бұрынғы полицей жұмыстан заңсыз шығарылғанын айтып, электр желісінің тірегіне шығып наразылық акциясын ұйымдастырған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде бұрынғы полиция подполковнигі Дәрмен Шыныбековтің ішкі істер органдарынан заңсыз жұмыстан шығарылғанын айтқан бейнеролигі таралды.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция Департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Қызметкер қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін теріс себептермен ішкі органдардан босатылды. Оның қызметке қайта оралуы туралы талап-арыздары бірнеше сатыдағы соттарда қаралып, өзгеріссіз қалдырылды, - дейді Алматы қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы