Алматыда жұмысшы баннер орнату кезінде мерт болды
27 жастағы ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға Төле би көшесіндегі «Әсем Плаза» тұрғын үй кешенінде болған.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, өнеркәсіптік альпинист 16 қабатты үйдің қасбетіне жарнамалық баннер орнатпақ болған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, күні кеше Алматыдағы қоймалардың бірінде жұмысшыны жедел саты басып қалғаны жайлы жазған едік
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Климат өзгерісінің зардабын бүкіл әлем тартып отыр
Өзгелердің жаңалығы