Алматыда Жұмагелдиев пен Құдайбергеннің ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды
Қаңтар оқиғасында ұсталған «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің және өзге де 45 адамның ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Арман Жұмагелдиев сот залына әкелінген жоқ. Олардан жауап онлайн алынды. Алғашқы сот отырысында жәбірленушілер,45 айыпталушы мен олардың адвокаттарының өтініші тыңдалды.
Оларға 362 бап (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), 262 бап (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу), 272 бап (жаппай тәртіпсіздік), 191 бап (тонау), ҚР ҚК 126 бап (заңсыз бас бостандығынан айыру), 268 бап (бандитизм) және т.б. баптар бойынша айып тағылған.
Сотталушылардан өз өмірлері мен отбасыларының қауіпсіздігіне нақты қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, кейбір айыпталушылардың өкілдері жаза түрін өзгерту туралы өтінімдер жіберген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Эмомали Рахмонға алғыс айтты
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы