1 Қараша 2026, 20:17
Фото: istockphoto.com
Алматыда жүк көліктерін тоқтатуға шақырған ер адам 15 тәулікке қамалды
Ер адам жүк көлігі жүргізушілерін салмақ шектеулеріне қарсылық ретінде 1 қарашада көліктерін тоқтатуға шақырған.
41 жастағы ер адам жүк көліктеріне қойылған салмақ шектеулеріне қарсы рұқсат етілмеген наразылық акциясына шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік желілерде ер адамның жүк көлігі жүргізушілерін қолданыстағы шектеулерге наразылық ретінде 1 қарашада көліктерін ұйымдасқан түрде тоқтатуға шақырған видеосы жарияланды.
Полиция қызметкерлері бейнеүндеу авторының кім екенін анықтады. Ол 41 жастағы Асылжан Баймұханов болып шықты.
Сот шешімімен ер адам рұқсат етілмеген жаппай іс-шара ұйымдастыруға шақырғаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.