Алматыда жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған адам камераға түсіп қалды
Алматыда жүк көлігінің аккумуляторларын ұрлаған адам камераға түсіп қалды, ұрлық Фуркат көшесіндегі ЖШС бірінің аумағында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тергеу материалдарына сәйкес, 40 жастағы туған Н.есімді азамат күзетілетін аймаққа заңсыз кіріп, 2 жүк көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен.
Күдікті анықталды және ұсталды. Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қаскөйдің ұрланған мүлікті сатқан жері де анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың басқа да ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы