Алматыда жүк көлігі өртенді: Тұрғындар жарылыс туралы айтты

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы Төле би мен Әйтиев көшелерінің қиылысында орын алған жарылыс туралы хабарламалар пайда болды. Төтенше жағдайлар департаменті бұл өртенген көлікке байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Желіде Алмалы ауданында өрт шыққаны туралы хабарламалар тарады. Топта өртке куә болған әйелдің түсірген видеосы жарияланды.

Бірдеңе жарылды, 9-қабатта соққы толқыны болды, бізді сәл шайқалтты. Үлкен әрі қатты жарылыс болды. Төле би – Әйтиев көшелерінің қиылысы, сұмдық қой, – дейді видеодағы дауыс.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, Hyundai маркалы жүк көлігі өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер кептеліске қарамастан тез жеткені атап өтілді. Олар оқиға орнына сағат 14:46-да келіп жетіп, қызыл жалынды небәрі 6 минуттың ішінде сөндірді.

Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады. Адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, – деді қалалық ТЖД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы