Алматыда ЖШС басшысы 80 тоннаға жуық дизельді заңсыз сатпақ болған

Алматыда ЖШС басшысы 80 тоннаға жуық дизель отынын заңсыз сатпақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды. 

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы