Алматыда жолға таласқан көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін жолға таласқан екі көліктің дөрекі әрекеті инстаграм желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланған болатын. Жолға таласып, өзгелерге қатер төндірген екі жүргізуші де Алматы облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлады Алматы қаласы ПД-ның баспасөз қызметі.
«Түсірілген бейне материалды сараптай отырып жол ережесін бұзғандардың жеке тұлғасы анықталды. Олардың әрқайсысынан екі әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың арасында не болғаны белгісіз, алайда көлік құралын басқару кезінде олай етуге болмайды. Жолдың қарсы бетіне шығып, өзгелерді жылдамдықты кенеттен төмендетуге мәжбүрлеп, апатты жағдай туғызды. Нәтижесінде 1996 жылғы Д. Мухаматдинов пен 1984 жылы туған Р. Искандеровке 25 АЕК (63 мың 125 теңге) айыппұл салынды. Бұл олардың алдағы уақытта жол ережесін қатаң сақтауға сабақ болады деген ойдамыз», - дейді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерік Насырбеков.Сонымен қатар, ол әкімшілік өндірістік материалдар Алматы қаласы арнайыландырылған ауданаралық сотына жіберілгенін жеткізді. Заңға сәйкес мұндай әрекетте көлік жүргізу куәлігінен белгілі бір мерзімге дейін айыру қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сооронбай Жээнбеков ЕАЭО өкілеттігін күшейтуді ұсынды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы