25 Маусым 2021 2021, 05:27
Алматыда жолға құлаған тал 5 көлікті зақымдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді, деп хабарлады aikyn.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып, бес көлікке зақым келді, деп хабарлады aikyn.kz.
Қатты желдің салдарынан ағаш бұтағы төменде тұрақта тұрған көліктерге, сондай-ақ Желтоқсан мен Абылайхан көшелерінің арасында Мәметов бойында кептелісте тұрған Mersedes-ке құлаған.
Ағаш бұтағы Mersedes-тің артқы терезелерін сындырып, шығын келтірді. Көлік иелері полиция шақырып, тиісті құжаттарды ресімдеді.