21 Қараша 2026, 23:55 Фото: istockphoto.com

Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті

Жол апатынан зардап шеккен қыз дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Алматыда екі қыз Абай даңғылын рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Салдарынан олардың бірін BYD маркалы автокөлік қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы күндіз Бостандық ауданында, Өтеген батыр мен Тлендиев көшелерінің арасындағы жол учаскесінде болған. Көлік шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Жол апатынан зардап шеккен қыз дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Полиция жаяу жүргіншілерді жолды тек белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтуге шақырады. Мамандардың айтуынша, жол ережесін елемеу адам өміріне қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.