Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 8 маусым күні рейске шығатын пойыздарды тексеретін Алматы-2 теміржол стансасының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде вагондардың бірінің доңғалақ жұптары шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болған жоқ.

Жолға шығатын пойыздың орнына жедел басқасы ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді.Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы