26 Маусым 2024 2024, 15:05 Фото: Qazaqstan телеарнасы

Алматыда жолаушылар автобусы дүкенге соқтығысты

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жол апаты Алматының Алмалы ауданында Мақатаев көшесі бойында сағат 14:20 шамасында болған.

Qazaqstantv телеграм каналының ақпаратына сәйкес жол апатынан 1 адам көз жұмып, 16-сы зардап шеккен. 

Белгілі болғандай, автобус Kia автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.