Алматыда жолаушылар автобусы автокранмен соқтығысты: зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында автокран мен автобус соқтығысты. Нәтижесінде бес жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның видеосы желіде таралды.

Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жол апаты 16 маусым кешкі сағат 17.00 шамасында болған. Кamatsu LW 250-5 маркалы автокран Golden Dragon маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустың 5 жолаушысы зардап шегіп, медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы