27 Қараша 2025 2025, 18:09
Фото: - архив
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
Желіде Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиғаға қала полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Желіде Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиғаға қала полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Видео авторының айтуынша, шабуыл №15 бағыттағы маршруттық автобуста қозғалыс кезінде болған.
Көлік тоқтаған сәтте қорқып кеткен жолаушылар салоннан жаппай шығып кетті. Қақтығыстан кейін ер адам келесі аялдамада түсті, – деді ол.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша Наурызбай ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысы бар барлық адам анықталады. Әрқайсысының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шаралар қабылданады, – деді ведомство өкілдері.