Алматыда жолақысы қымбаттайтыны рас па?
Әлеуметтік желіде жолақының қымбаттайтыны туралы ақпарат тараған еді. ONAY көлік холдингі бұл ақпараттың жалған екенін атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Басқарма халықты жалған ақпаратқа сеніп, дүрлікпеуге шақырды.
ONAY көлік холдингінде және Алматы қаласының әкімдігінде жол ақысының 200 теңгеге көтерілетіні туралы ақпарат жоқ. Бұл - шындыққа жанаспайтын ақпарат. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жел сөзге ермеулерін сұраймыз. Жол ақысы өзгерген жоқ, әлі күнге 80 теңге, қолма-қол ақшамен 150 теңгені құрайды, - дейді ONAY көлік холдингі.
Айта кетейік, қала тұрғындары жол ақысының қымбаттауына наразылық білдірген еді.
Бағаның өсуіне наразымыз. Себебі біз күнде екі автобуспен жүреміз. Түскі тамағымызды сатып аламыз. Сонда күніге 1500-2000 теңге жұмсаймыз ба? Менің жалақым 130 000 теңге. Бұл дегеніміз күнделікті жүріп-тұрудан ауыспайды. Халықтың жағдайын ойлайтын ел ағалары бар ма? Қанша жерден қоғамдық көлік санын арттырса да, автобус тапшы. Көпшілігінде мынадай ыстықта салонды суытатын кондиционерлері де жоқ. Жоғарыдағылардан халыққа жайлы жағдай жасауын өтінеміз, - дейді Гүлшат Абдуллаева есімді қала тұрғыны.
Еске салайық, Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 2012 жылдан бері өзгермеген.