Алматыда 47,4 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы жүріп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Мобильділік басқарма басшысының орынбасары Ернұр Абжахан онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, биыл "Жаңа Алматы" бағдарламасы аясында шетсіз қала қағидасын назарға ала отырып, Алатау ауданында жалпы ұзындығы 47,4 шақырымды құрайтын 117 көшеде жаңа жолдың құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бүгінгі таңда ұзындығы 18,6 км жолдың құрылысы аяқталған. Жылдың соңына дейін қалған 65 көшенің құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 283 көшеге орташа жөндеу жүргізу және ұзындығы 30 км тротуарлар салу жоспарланған. Қаланың көше-жол желісіндегі жолды жөндеуде 300 мың шаршы метр асфальт бетон жабындысын жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні ұзындығы 62,6 шақырымды құрайтын 91 көше орташа жөнделді. Одан бөлек, 151 мың шаршы метр көлемінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 19,2 км тротуарлар салынды, - деді ол.
Сонымен бірге, 3 көлік жолайрығының құрылысы жалғасуда екен. Олар Рысқұлов даңғылы - Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа күре жолының қиылысы. Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Сайын көшелерін ұзарту жұмыстары жалғасуда.
Одан басқа, қазіргі уақытта Алматы қаласының 9 шағынауданындағы - Алғабас, Шаңырақ-5, Өжет, Самғау, Шапағат, Құрамыс, Әлмерек, Нұршашқан, Қайратта жалпы ұзындығы 118 км жол құрылысына, Думан шағынауданындағы жолдарды күрделі жөндеуге, Төле би көшесін ұзартуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - дейді Абжахан.
Жолдар инфрақұрылымы және көше-жол желісі объектілерінде 21 мердігерлік ұйым жұмылдырылған, соның ішінде 4100 жұмысшы және 1007 техника бірлігі жұмысқа тартылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда нәрестеге көп қойылатын есімдер
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы