Алматыда жол жөндеуге 250 млн теңге бөлінді
Алатау ауданының барлық шағын аудандары бойынша 60 көшеде 23 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді. Айтуынша, 2023 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 250 млн теңге бөлінді. Жұмысты қараша айында аяқтау көзделіп отыр.
Жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып келеді. Биылдан бастап жолды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізетін болады, - деді ол.
Сонымен қатар, қалалық мобилділік басқармасы мамыр айында 12 шағын ауданда ұзындығы 60 км болатын 79 көшені қамтитын орташа жөндеуді бастауды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс 2023 жылдың қараша айында аяқталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырды
Өзгелердің жаңалығы