Алматыда жол жөндеуге 15 млрд теңге жұмсалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық әкімдікте 2020 жылы қалада Алматы көшесін реконструкциялау – Жандосов көшесінің жалғасынан Яссауиден Әшімовке дейін (1,2 км) жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат берілді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Бұл көшеде үйлерді бұзу және толық кеңейту қарастырылған. Қазіргі уақытта тағы 11 үй сатып алынған жоқ, сот процестері жүргізілуде. Аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр.
Сондай-ақ жыл соңына дейін Қарағайлы өзеніндегі көпір жөнделеді. Жалпы, биыл мегаполисте ұзындығы 47,4 км болатын 177 көшеде жаңа жолдардың құрылысы жүргізілуде, оның ішінде ұзындығы 18,6 км болатын 112 көшенің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін ұзындығы 28,8 шақырым болатын қалған 65 көшеде жол салынады.
2020 жылы үш жол айрығының (Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі), Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, жерүсті бес жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы басталды (Солтүстік айналым көшесі – Москвин көшесінің солтүстігі, Солтүстік айналым көшесі – Жұмабаев көшесінен солға қарай, Солтүстік айналым көшесі – Боралдай көшесінен оңға қарай, Майлин көшесі – Тоқай көшесі, Майлин көшесі – Қапал көшесінің оңтүстігі).
Бұдан өзге ұзындығы 200 км 283 көшені орташа жөндеу, ұзындығы 30 км тротуарлар мен 80 аялдама алаңдарын орнату және жөндеу жоспарланған. Қазіргі жөндеумен қаланың көше-жол жүйесінде 300 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны жөнделеді. Ұзындығы 62,6 км 91 көше ретке келтірілді, сондай-ақ 151 мың шаршы метр көлемінде ағымдағы жөндеу және ұзындығы 19,2 км тротуарлар салу жұмыстары орындалды.
Сонымен қатар Алматы қаласының тоғыз шағын ауданында жалпы ұзындығы 118 км жол құрылысына, Думан шағын ауданында жолдарды күрделі жөндеуге, Төле би көшесінің қиылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің II іске қосу кешенінің құрылысы жалғасуда, оған Сарыарқа және Достық станциялары мен Абай даңғылы бойымен ұзындығы 3,1 км, Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін батыс бағытта метро желісі кіреді. Жоба 2021 жылдың соңында аяқталады.
Сондай-ақ III іске қосу кешенінің құрылысы басталды, ол Достық станциясынан Қалқаман станциясына дейін ұзындығы 2,4 км Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін және Қалқаман шағын ауданындағы Әшімов көшесінен төмен солтүстік бағытты қамтиды. Оны 2023 жылы аяқтау жоспарланған.
Алматыда жолдардың қанағаттанарлық сапасының үлесі 2020 жылы 80%-ға дейін жеткізіледі (2019 жылы 75%).