Алматыда жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталады
Алматыда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында магистральді көшелердегі шұңқырларды жою жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу кезінде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды.
Асфальт-бетон зауыты мерзімінен бұрын іске қосылды, ол "жылы асфальт" өндіреді. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, энергия үнемдейтін қоспалары бар жаңа технология асфальтты –5°C дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік береді.
"ҚазжолҒЗИ" әзірлеген бұл әдіс республикалық тас жолда сыналып көрген. Негізгі жол жөндеу жұмыстары көктем және жаз мезгілдерінде жүргізіледі. Биыл ҚМБ желісі бойынша 300 км жолға орташа жөндеу және 35 км жаңа магистраль салу жоспарланған. Мақсат – 2024 жылы жол сапасын 92%-ға дейін жеткізсе, 2025 жылы бұл көрсеткішті 95%-ға арттыру.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол учаскеcі жабылды
Өзгелердің жаңалығы