Алматыда жол талғамайтын көлік жасөспірімдер мінген мопедті соғып, сүйреп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сүйінбай мен Руставели көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. 16 және 13 жастағы жасөспірімдер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

SsangYong Korando маркалы көлігі Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Руставели көшесіне бұрылар кезде, жүргізушінің айтуынша, аялдаманың маңында автобустың арғы жағынан екі жасөспірім мінген мопед пайда болған.

Көлік жүргізушісі дер кезінде әрекет жасап үлгермегендіктен мопедті қағып, оны тротуарға дейін сүйреп апарған. Мопедтің өзін тротуар бойымен сүйреген. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы