Алматыда жол талғамайтын көлік 11 жасар баланы қағып кетті

Кеше, 10 тамызда Алматы қаласының Наурызбай ауданында жол апаты орын алды. Жол талғамайтын көлік 2013 жылы туған баланы қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Range Rover жүргізушісі А. Хегай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, алдынан шыққан баланы қағып кеткен. Көшенің тар екенін де баса айта кетелік.

2013 жылы туған бала жол үстінде болған. Өкінішке қарай, апат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы