30 Тамыз 2026, 19:47 Фото: видеодан скриншот

Алматыда жол ортасында жүк көлігі өртке оранды

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Алматыда Төле би даңғылында ЗИЛ жүк көлігі өртенді. Оқиға Байтұрсынұлы көшесімен қиылыста болған. Алдымен көліктің капотының астынан түтін шығып, кейін оны жалын шарпыған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы келді. Құтқарушылар өртті сөндіріп, полицейлер оқиға орнын қоршап, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Өрт сөндірілгеннен кейін жол кептелісін болдырмау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүк көлігі жолдың жүру бөлігінен жедел шығарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы полициясы.