Алматыда жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші зардап шекті

Алматыда егде жастағы әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Жароков пен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде екі көлік соқтығысып, жолдан өткелі жатқан адамды қағып кеткені бейнеленген бейнежазба тарады.

Алматы полициясы жол-көлік оқиғасы 29 қараша күні сағат 08:30-да Алматы қаласының Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

Hyundai Creta және Mercedes маркалы машиналар Сәтбаев көшесі бойынша шығыс бағытта жүрген. Жароковаға қарай солға бұрылу кезінде Hyundai көлігі Mercedes көлігінің артқы жағына соққы жасады. Ол инерция бойынша жаяу жүргіншіні - ауруханалардың біріне жеткізілген 1954 жылы туған әйелді соқты, - деп хабарлады полиция.

Полиция бұл факт бойынша Бостандық ауданының ЖПБ қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы