Алматыда жол апатынан екі автобус жүргізушісі зардап шекті

Алматыда екі автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан екі қоғамдық көлік жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 16 қараша күні сағат 5:20-да Түрксіб ауданында болған.

Бекмаханов көшесінде екі автобус пен Chevrolet көлігі соқтығысты. Екі автобустың жүргізушісі де медициналық көмекке жүгінді. Басқа зардап шеккендер жоқ, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы