Алматыда жол апатынан бес адам зардап шекті
Алматыда екі көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Салдарынан бес адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 4:20 шамасында Әуезов ауданында болған.
BMW көлігінің жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, қайта қатарға түсу кезінде өзімен бір бағытта келе жатқан Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін BMW жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды, – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен BMW көлігіндегі үш жолаушы түрлі жарақат алған. Барлығы ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың нақты себептері анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Газадағы үйінділер астынан 280 палестиндіктің денесі табылды
Өзгелердің жаңалығы