Алматыда жоғалып кеткен мүмкіндігі шектеулі отбасы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында жоғалып кеткен мүмкіндігі шектеулі (меңіреу) отбасы байланысқа шыққан. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде отбасы мүшелерінің жағдайы жақсы екенін айтты.

"Отбасы туыстарына хабарласқан. Толық ақпаратты тексерістен кейін беретін боламыз", - деді полицияда. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы полиция департаментіне бір отбасы мүшелерінің түгелдей жоғалып кеткендігі туралы арыз түскен. 

«Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» бастамашыл тобының мүшесі Ислам Угушев 5 адамнан тұратын толық бір отбасы мүшелері жоғалып кеткендігі туралы айтқан. Олар 4 тамыздан бастап байланысқа шықпаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы