Алматыда жер сілкінісін болжау. Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы басталды

«Орталық Азиядағы жер сілкінісін болжау, сейсмикалық қауіпсіздік пен қатерді бағалау» XI Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өз жұмсын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі атынан Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Амрин Рустамбек Нұрланұлы құттықтау сөз сөйледі.

Қазіргі уақытта біздің планетамыздағы жер сілкінісі қаупі бар аймақтардың тұрғындары мен аумақтарының сейсмикалық қауіпсіздігі мәселелері айтарлықтай өзекті болып отыр. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, сондай-ақ Орталық Азияның көршілес мемлекеттерін атап айтуға болады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлардың барлығына дерлік бейім, олардың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Халықты қазіргі қауіп-қатерден сенімді қорғауды қамтамасыз ететін сейсмикалық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін құру Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі факторы. Халықты қалыптасқан қауіптен сенімді қорғауды қамтамасыз ететін сейсмикалық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін құру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі факторы, - деп атап өтті Рустамбек Амрин.

Ғалымдар мен мамандардың жер сілкінісін болжау теориясы мен әдістерін жасау, сейсмикалық қауіпсіздікті бағалау және жер сілкінісіне төзімді құрылысты салудағы бірлескен жұмысының Орталық Азия елдеріндегі табиғи және техногендік жер сілкіністерінің залалын азайту үшін үлкен теориялық және практикалық маңызы бар.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Норвегия, Ұлыбритания және АҚШ-тан онлайн және офлайн режимде 9 елден сейсмология саласындағы 130-дан астам ғалымдар мен мамандар қатысып жатыр.

Халықаралық симпозиум аясында шақырылған елдердің ғылым өкілдерінің секциялық баяндамалары жоспарланған. Сондай-ақ, Алматы облысындағы жер сілкінісіне палеосейсмологиялық зерттеулер жүргізілетін алаңға барып, практикалық шаралар өткізу жоспарланған.

Халықаралық шара 28 қыркүйекте өз жұмысын аяқтайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы