Алматыда жер сілкінді
Алматы, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2021 жылғы 15 шілдеде Алматы уақытымен 14 сағат 48 минутта сезімталдығы жоқ жер сілкінісін тіркеді.
Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 44 шақырым жерде - Алматы облысы Талғар ауданының аумағында, таулы аймақта орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.4. MPV магнитудасы 4.0. Эпицентрдің координаттары 43.20° с.ш. 77.46° в.д. Тереңдігі 10 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ. Алматы облысы ТЖ департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ, - делінген хабарламада.
Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.