Алматыда жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы қамалды

Шенеуніктің әрекеті нәтижесінде мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жасырын іс-шаралар мен жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы әшкереленді.

Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деп күдіктелуде.

Шенеуніктің әрекеті нәтижесінде мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы