Бүгiн 2026, 15:10 Фото: Фото: ПД

Алматыда жер астынан өрт шықты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

24 маусымда Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Гагарин көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында жерасты коммуникацияларынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, авариялық қызмет мамандары мен энергетиктер жедел жетті.

Тәртіп сақшылары қауіпті аумақты қоршауға алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына кірісті.

Мамандардың алдын ала болжамынша, өрттің шығуына жерасты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. Өрт жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.