Алматыда Жеңістің 76 жылдығына арналған виртуалды көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жеңістің 76 жылдығына орай виртуалды көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші дүниежүзілік соғысының 76 жылдығына арналған виртуалды көрмеге қазақстандық және кеңестік суретшілердің соғыс тақырыбындағы таңдаулы туындылары қойылды. Көрмеде өздерінің әскери міндетін адал өтеп, ұрыста көрсеткен ерліктері мен қаһармандықтары үшін медаль және ордендермен марапатталған, көпшілігі жарақат алған суретшілердің еңбектері бар. 

Олардың үлесіне тиген соғыстың сұрапыл күндері мен қиын-қыстау жағдайларды баяндайтын соғыс тақырыбы бейбіт өмірге араласқаннан кейін ұзақ уақыт бойы олардың шығармашылығынан орын алды. Олар көргендері мен басынан кешкендерін қағазға түсіруді болашақ ұрпақ алдындағы борышы деп санады. Дегенмен де, соғыс олардың туған өлкесінің табиғаты мен бейбіт өмірдің сұлулығына деген құштарлықтарын арттыра берді, - дейді көрменің кураторы Еркежан Омарова. 
Оның айтуынша, соғыс жылдарындағы көркем әлемде графика өнеріне ерекше орын берілді. Үгіт-насихат пен патриоттық плакаттар, көмірмен немесе қарындашпен салынған суреттер халыққа дем беретін, шабыттандыратын және жанашыр болған барлық азаматтардың, әскерилердің бет-әлпетін, жауынгерлік көріністерге жылдам жауап қайтаруға және суреттеуге мүмкіндік берді. 

О. Васильев «ҰОС күндері» (1957), А. Алексеевтің «Мәскеу 1941» топтамасының графикалық парақтары, Р. Гореловтың «Кремль шабуылы» (1957), В. Линкор Бибиковтың Оңтүстік айлақтағы «Севастополь» (1947) ауыр соғыс шайқастары бейнеленген. Сонымен қатар, виртуалды көрмеден суретші, жазушысы, кескіндемеші М.Хитахунованың «Дала лагері, «Майданға нан», «Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганскийдің портретін» көруге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы