Алматыда Жеңіс күніне орай самбодан халықаралық турнир өтеді
Алматыда Жеңіс күніне самбо күресінен және жауынгерлік самбодан ерлер арасында халықаралық шеберлік турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атмалыш іс шара, және Әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған. Турнирде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан, еліміздің құқық қорғау органдары мен құқық қорғау органдарынан командалар қатысады.
Сондай-ақ биылғы жарыстың ерекшелігі - турнир нәтижесіне бойынша қатысушыларға спорт шебері атағы беріледі.
Турнирді ҚР ІІМ, «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының Орталық кеңесі, сондай - ақ самбо және жауынгерлік самбодан республикалық және Алматы қалалық федерациясы ұйымдастырады.
Біздің «Динамо» қоғамында балалар спортына ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын мамыр-маусым айларында "Динамо - Қазақстан балаларына" акциясы, бүкіл ел бойынша 10 мыңнан астам баланы қамтитын марафон өткізіледі. Мысалы, 1400-ден астам баланың басын қосқан Алматы марафоны бағдарламасында жүгіру, «Кім жылдам» эстафетасы, дартс ойыны, кіші футбол, волейбол, арқан тарту, саптық дайындық және жекпе-жек бойынша жарыстар болды. Осындай іс-шараны биыл да өткізу жоспарлануда, – дейді «Динамо» ДШСҚ ҚБ төрағасының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Асқар Омарқұлов.
Салтанатты ашылу рәсімі ҚР ҚМ ЦСКА СК спорт базасында 6 мамыр сағат 10.00-де өтеді.