Алматыда Жеңіс күні қалай тойланады
Бүгінде Алматы қаласында екінші дүниежүзілік соғысының 43 ардагері тұрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.
Жеңіс күніне гүл шоқтары қойылып, мерекелік концерт ұйымдасырылады.
9 мамыр күні сағат 09:30-да Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу аясында 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында ардагерлердің қатысуымен Даңқ мемориалының жанында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі ресми түрде ашылады. Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт сағат 10:00-де 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының алаңында өтеді. Қазақстандық әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдан әндерін орындайды, – делінген Алматы қаласының әкімдігі таратқан хабарламада.
Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.
Алатау ауданы: 7 мамыр күні сағат 11:00 – де Алатау ауданы әкімдігінің алдында «Ер есімі - ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.
Сағат 12: 00-де эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Атлетикалық ауыл аумағында концерттік бағдарлама болады. Сондай-ақ суреттер мен қолөнер көрмесі өтеді. 8 мамырда білім беру мекемелерінде мерекелік іс-шаралар және ардагерлердің үйіне мерекелік себеттер апарып, құттықтау жоспарланған.
Алмалы ауданы: 9 мамырда сағат 12:00-де Арбатта концерттік бағдарлама өтеді. 6-8 мамыр аралығында ардагерлердің үйлеріне барып құттықтау жоспарланған.
Медеу ауданы: 8 мамырда сағат 09:00-ден бастап ҰҚК Шекара академиясының қатысуымен Медеу ауданында тұратын ҰОС ардагерлеріне мобильді музыкалық оркестрдің шығуы жоспарлануда. 9 мамыр күні сағат 12:30-да 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама жоспарланған.
Әуезов ауданы 9 мамырда сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт өтеді.
Жетісу ауданы: 9 мамырда сағат 11:00-де Гүлдер саябағында тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, аудан тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, сол жерде дала асханасы болады.
Наурызбай ауданы: 8 мамыр күні сағат 09:30-да Жандосов, 2 мекенжайы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады. Сағат 11:00-де Ұлы Отан соғысының батыры, 98 жастағы Подкользин Леонид Никитичтің үйінің алдында аудан әкімінің, Шекара қызметі басқармасының офицерлерінің және радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери оркестрінің қатысуымен құттықтау шарасы ұйымдастырылады. 9 мамырда сағат 11:00-де Шұғыла, 347 ықш./да орналасқан амфитеатрда концерттік бағдарлама өтеді, таза ауада ас ұйымдастырылады. Сондай-ақ әскери қоян-қолтық күрес, қару-жарақ, кітаптар мен суреттер көрмесі өтеді.
Түрксіб ауданы: 6 мамырда ауданның стеллалары мен мемориалдарына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді - Даңқ мемориалы, ҰОС-дағы кеңес халқының жеңісі, Солтүстік зираттағы Жеңіс мемориалы, Ауған ардагерлерінің алаңындағы Стелла, соғыс майдандарында қаза тапқан түлектерге арналған ескерткіш, қайтыс болған ұшқыштарды еске алу даңқы мемориалы. ҰОС ардагерлеріне үйіне барып себеттер табысталады. 9 мамырда сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта көркемөнер ұжымдары, Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары, десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, № 6, № 7 мектеп, әуежай МҮ ұжымдары, «Ұлы дала әуендері» ардагерлер хорының және қонақтардың қатысуымен театрландырылған қойылымы өтеді.
Бостандық ауданы: 9 мамыр күні сағат 11:00-де Тұңғыш Президент саябағында қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.