Алматыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты: зардап шеккендер бар

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алатау ауданында орын алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиға 2 шілде күні сағат 23:30 шамасында Сайын көшесінде болған. Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, қашықтықты сақтамағандықтан, жолсерік бағытта қозғалып бара жатқан автобуспен соқтығысқан.

Салдарынан Toyota Corolla-ның жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын Алатау аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы