Бүгiн 2026, 16:12 Фото: видеодан скриншот

Алматыда жеке үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды

Алматы қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде адам шошырлық жайт анықталды.

Түрксіб ауданындағы Үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол тұрғын үйлер мен пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үй иесін ұстады. Оның түсініктемесіне сәйкес, ер адам мән-жайы әзірге анықталмаған жағдайда өлімге әкелген жарақат алған. Алайда болған оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабарлап, көмекке жүгінудің орнына, тергеу нұсқасы бойынша, үй иесі мәйітті жертөлеге жасырып қойған. Аталған дерек бойынша адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болудың нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптаманы қоса алғанда, бірқатар кешенді сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында полицей өртенген күйінде өлі табылған болатын.