29 Тамыз 2026, 22:51
Фото: Скриншот
Алматыда жеке үй өртеніп, жалын көрші баспанаға тарады
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алматының Наурызбай ауданындағы Қалқаман-2 шағынауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде Айтей батыр көшесіндегі жеке үй мен оның жанындағы уақытша құрылыс ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт көршілес үйдің шатырына да таралған.
Құтқарушылар бірнеше өрт оқпанын пайдаланып, жалынның жақын орналасқан басқа құрылыстарға таралуына жол бермеді. Өрт толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.