26 Қараша 2026, 09:23
Фото: istockphoto.com
Алматыда жеке үй өртеніп, бес адам тірідей жанып кетті
Өрт туралы хабар таңғы сағат 03:44-те түскен. Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды, олардың бірі – кәмелетке толмаған.
Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Өрт шыққаны туралы хабар 112 пультіне сағат 03:44-те түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы бөлімшесі шақырту түскеннен кейін төрт минуттан соң оқиға орнына жеткен.
Оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйді жалын шарпып, ашық от қатты өршіп тұрған. Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 35-ке жуық жеке құрамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды, олардың арасында бір кәмелетке толмаған бала бар, – деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.