Алматыда жеке тұрғын үй өртке оранды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жеке тұрғын үйден шыққан өрт көршілердің шатырын жалмады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«2 қыркүйек күні сағат 8:77 минут кеткенде Алматы қаласы ТЖД-нің 101 қызметіне көршілер телефон соғып, Алмалы ауданындағы Үмбетбаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында үй өртеніп жатқанын хабарлады. Өрт сөндірушілер 8 минутта жетті, ол жерде бір-біріне қабыса орналасқан жеке тұрғын үйлер өртеніп жатты. Өрт сөндірушілердің шапшаңдығының арқасында Қабанбай батыр көшесіндегі 243 үйден шыққан өртті ауыздықтай білдік, қалған үйлердің шатырлары аздап зақымдалған», - делінген хабарламада.Өрт бір сағатқа жетпей 9:22 минутта толықтай өшірілген. Өрттің жайылу аумағы 150 шаршы метрді құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы