Алматыда жеке инвестициялар 10,9% - ға өсті
Алматы қаласында негізгі капиталға инвестициялар 4,2% - ға дейін өсіп, 1,2 триллион теңге болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ретте жеке инвестициялар 10,9% - ға, 1 073,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Алматы қаласының экономика басқармасынан хабарлады.
Өнеркәсіптің басым салаларын дамытуға арналған және құрылған Индустриалды аймақ қарқынды дамуда. Олардың ішінде: машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салалры.
Бүгінде Алматының Индустриалды аймағында 8 515 жұмыс орны ашылған және жалпы сормасы 210,4 млрд. теңге болатын 26 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Осы жылдың соңына дейін Индустриалды аймақта 389 жұмыс орны ашылады және жалпы құны 8,1 млрд. теңге болатын тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылы 1,5 мың жұмыс орны құрылып, жалпы құны 100 млрд. теңге болатын Changan, Chery, Haval жеңіл автомобильдерін шығаратын мультибрендтік зауытты іске қосу жоспарланған.